Жаңалықтар

Журналист Данияр Әділбеков пен мұнайшы Ерлан Сәудегеровке үкім кесілді

Топ-менеджер «Интергаз Центральная Азия» осужден за крупный ущерб компании, связанной с экс-министром Бишимбаевым
Сот үкімі бойынша, Әділбеков Гүлжан Ерғалиеваға 500 мың теңге, өкілдікке 1 700 000 мың теңге моральдық өтемақы төлейді/фото: shutterstock

Елорданың ауданаралық соты «Дикая Орда» атты телеграм-арнасының авторы Данияр Әділбековты «сыбайлас жемқорлық  қылмысы туралы жалған ақпар берді», «жалған ақпарат таратты» деп тауып, 4,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті.

Судья Әсел Мұқышова мұнайшы Ерлан Сәудегеровке 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Ол «қылмысты ұйымдастырғаны», «сыбайлас жемқорлық туралы жалған ақпарат бергені» үшін айыпты деп танылды.

Сот үкімі бойынша, Әділбеков Гүлжан Ерғалиеваға 500 мың теңге, өкілдікке 1 700 000 мың теңге моральдық өтемақы төлейді. Мемлекетте 1 846 теңге төлейді.

Ерғалиева өтемақы ретінде 14 793 653 теңге төлеуді сұраған болатын. Сондай-ақ сот Әділбековтен жүргізілген сараптамалар үшін 123 232 теңге, Сәудегеровтен 841 теңге өндіруге шешім қабылдады.

Айыпталушылардың әрқайсысына жәбірленушілер қорына 73 840 теңге төлеуді міндеттеді.

Өз еркімен төлеуге үш күн мерзім берілді. Осы уақыт ішінде төлемесе, күшпен өндірілмек.

Айта кететін жайт, 2024 жылы наурыз айында Данияр Әділбековтің үстінен іс қозғалған болатын. Оның үстінен үш бірдей адам – журналист Гүлжан Ерғалиева, Астанадағы әуежайдың директоры Юсуф Рашед Әлджаудер және Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов арызданған-ды. Оған «Дикая Орда» телеграм-арнасында жарияланған ақпарат себеп болды. Бұл арна Гүлжан Ерғалиеваны Қуандық Бишімбаевтың адвокаттарынан сұхбат алғаны үшін ақша алды деп жазған еді. Араб инвесторы туралы «заңсыз бұйрықтар» береді деп көрсеткен-ді.