Жезтырнақ, Ұлы Қытай қорғаны, Тас кітап: Qalam-ның апта таңдауы

Жарияланды 19 Қазан 2024 10:00

Жезтырнақ, Ұлы Қытай қорғаны, Тас кітап: Qalam-ның апта таңдауы
Жезтырнақ, Ұлы Қытай қорғаны, Тас кітап: Qalam-ның апта таңдауы / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: Visa Fashion Week Almaty сән апталығының жаңа маусымының ашылуы, Жезтырнақ мифологиясы, Ұлы Қытай қорғанының салыну тарихы, тасқа қашалған ежелгі комикс және Александр Марковтың «Адамдар қайдан шықты?» курсының соңғы екі бөлімі.

Сән апталығының тарихы

Visa Fashion Week, 9 маусым бэкстейджі

Айтуларға қарағанда, сән апталығы 18–19 ғасыр шегіндегі Еуропадан, ат жарыстарына, мерекелер мен серуендерге манекеншілерді жіберу тәжірибесінен тамыр тартады-мыс. Жоғары сән өнерінің әкесі ретінде «Уорт үйінің» негізін салған Чарльз Фредерик Уорт мойындалады. Киімге бренд атауын жапсырып, барлық түрдегі киім-кешекті шығаруды қолға алған дәл осы Уорт болған (оған дейін сән үйлері мен дүкендер нақты бір түрдегі киімдерді ғана шығарумен айналысқан). 1868 жылы Уорт «Жоғары сәннің синдикатының» негізін қалап, іс жүзінде «жоғары сән» (haute couture) деген сөз тіркесін патенттеді.

Жезтырнақ

Акзель Бейсембай. Жезтырнақ. 2024/Qalam редакциясы

Жезтырнақ — тырнақтары жез (мыс) қазақ ертегісінде көп кездесетін жын-пері тектес бейненің бірі. Есіңізде ме? Жалғыз жүрген аңшы бұрын-соңды адам аяғы баспаған елсіз жерге келіп, онда тырнағы жез болған әдемі жас келіншек кейпінде көрінген жын-пері тектес мақұлықты кездестіреді. Олай болса осы бір тарихы терең мифологиялық кейіпкердің тарихын сайтымыздан оқыңыздар.

Ұлы Қытай қорғаны

Ұлы Қытай қорғаны. 1873 жыл/Sepia Times/Universal Images Group via Getty Images

Ғаламат қорғаныс құрылысы ретінде жобаланған Ұлы Қытай қорғанын тұрғызуға ғасырларды сарп еткен. Осы уақыт аралығында оннан астам бектіктер ауысып, Қытай ұсақ мемлекеттерден құдіретті империяға айналды. Ұлы Қытай қорғаны не үшін салынды деген сұраққа жауап береміз.

Тас кітап

Тас кітап/Ольга Гумирова

Әлемдегі ең ауыр кітап — Прагадағы Карлов университетінің кітапханасындағы салмағы 75 келі «Гигас кодексі». Ал Шұнақ қорымындағы «Тас кітаптың» салмағы дәл бір тоннадан артық, бірақ ол Гиннестің рекордтар кітабына енбеген. Себебі оның мазмұны әріптермен немесе иероглифтермен емес, суреттермен бейнеленген. Ежелден жеткен жұмбақ комикс туралы Апта петроглифі айдарымыздан оқыңыз.

Адамдар қайдан шықты?

Палеонтолог Александр Марков Qalam-ға арналған жаңа лекциялар курсында саналы адамның қалайша және неліктен пайда болғаны жайында баяндайды.

3-дәріс. Неліктен біз ақылды бола бастадық

К.П.Кузнецов. Сыбызғы ұстаған үңгір адамы/Getty Images

Энгельс адамды адам еткен еңбек деп есептеді. Алайда қазіргі ғалымдар біздің түрдің қалыптасуына махаббат, балалық таңырқау сезіміміз бен ұзақ қашыққа жүгіруіміз еңбектен де зор ықпал етті деп санайды. Палеонтолог Александр Марков Qalam-ға арналған жаңа лекциялар курсында «Үлкен ми не үшін қажет?», «Үлкен ми қымбатқа түседі», «Созылып кеткен балалық», «Демократия миды дамытады», «Жұптық өмірдегі опасыздықтың пайдасы» сынды мазмұнда саналы адамның қалайша және неліктен пайда болғаны жайында баяндайды.

4-дәріс. Мәдени драйв

Виктор Михайлович Васнецов. Тас дәуірі/Wikimedia Commons

Алғаш рет «мәдени драйв» терминін қазіргі мағынасына жақын қолданған атақты америкалық генетик Алан Уилсон (1934–1991) болды. 1985 жылы Scientific American журналында жарияланған мақаласында Уилсон когнитив қабілеттердің, соның ішінде әлеуметтік үйрену мен мінез-құлық ерекшеліктерін мәдениет арқылы жеткізу қабілетінің дамуы биологиялық эволюцияны жылдамдатқан болуы мүмкін деген болжам жасады.

Сондай-ақ оқыңыз