Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Мейрам Әбікеев Президент әкімшілігінің келісімі, Ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалып отыр.
Полиция полковнигі Әбікеев бұрын Солтүстік Қазақсан облысы Полиция департаментінің бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Сонымен қатар Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров, Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов, Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов, Алматы облысы ПД криминалды полициясы басқармасының бастығы Руслан Смағұлов, Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес басқармасының бастығының орынбасары Жанат Омаров қызметінен босатылды.
Мұның алдында Талғарда 16 жасар Шерзат Болаттың өліміне қатысты Алматы облысы құқық қорғау саласындағы бірнеше лауазымды тұлғалар қызметінен кеткен болатын.