Қазақстан 160 мыңға жуық гүлді Нидерландыға қайтарып жіберді

Жарияланды
Хризантемалардың иесіне айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды/фото: agropress

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Нидерландыдан әкелінген хризантема көшеттерінің ақ тот жұқтырғанын анықтады. Гүлдер карантинге жататын өнім болып есептеледі. Сондықтан фитосанитарлық бақылау жүргізілген.

Ауру жұқтырған гүлдердің саны аз емес. Нақты айтқанда, бас-аяғы – 159 400.

Инспектор хризантемалардың үлгісін алып, тексеру үшін Алматы аймақтық карантин зертханасына жолдаған. Сараптама барысында оның қауіпті карантинге жататыны анықталып отыр. Хризантемалардың иесіне айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Қауіпті өнімнің таралып кетуінің алдын алу үшін Нидерландыға қайтырылды.

Сондай-ақ оқыңыз