Жаңалықтар

Қанатай Далматов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

Қанатай Далматов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болды / коллаж kursiv.media

Қанатай Далматов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

2024 жылы 5 мамырда Президент Жарлығымен Қанатай Далматов ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған болатын. Ол кезде Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің командирі болып қызмет атқарған еді.

Қанатай Далматов 1978 жылы Алматы облысында туған. ҰҚК әскери институты мен Орталық-Азия университетін тәмамдаған. Зайсан шекара бекетінің бастығы болды. ҰҚК-ның бірқатар маңызды қызметтерінде басшылық қызмет атқарды. 2019 жылдан бастап ҰҚК-ның Шекара қызметі директорының орынбасары болды. Генерал-майор шенін алған.

Сонымен қатар бүгін Алматы облысы полиция департаментігінің басшылығы ауысты. ПД басшысы мен оның орынбасары қайта тағайындалды. Бірнеше басқарма басшысы отставкаға кетті.