
Алматы қаласының орталығында өрт шықты. Мұқағали Мақатаев көшесінде орналасқан «Кунжут» кафесінің шатыры түтіндеген. Бұл туралы «Курсив» оқырмандары хабарлайды.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, кафенің 1-қабаттағы желдеткіш құбыры түтіндеген. ТЖД күштері мен құралдары кафенің шатырын ашып жатыр.
«ТЖД күштері мен құралдары Алмалы ауданы Мақатаев көшесі, 126 мекенжайына жұмылдырылды, хабарлама бойынша онда 1 қабатты кафенің желдеткіш құбыры түтіндеуде, шатыр конструкциялары ашу жұмыстары жүргізілуде», – деген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлардан кафені қою түтін орап жатқанын көруге болады. Бірнеше өрт сөндіру көлігі мен жедел жәрдем келген.
Сондай-ақ департамент өрт сөндірушілер кафеге 12:25-те шығып, оқиға орнына 12:30-да жеткенін айтты.
P.S. ТЖД хабарлауынша, 12.52-те өрт оқшауланған. 13.18-де өрт толық сөндірілді. Өрт 280 шаршы метр аумақты қамтыды.