Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жегінде төртінші рет жеңіске жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: sports.kz

Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жегінде төртінші жеңісіне жетті. Ол жеңіл салмақта жетінші орында тұрған бразилиялық спортшы Матеус Николауды жеңіп, UFC рейтингінде жоғарылады.

Төрешідер бірауыздан жеңісті қазақ спортшысына берді. Жекпе-жекке дейін Асу Алмабаев UFC рейтингінде 14-ші орында тұрса, жеңістен кейін жетінші орынға көтерілді.

Жекпе-жек Лас-Вегастатағы UFC Fight Night 245 турнирі барсында өткен.

Бұл – Алмабаевтың қатарынан 17-ші жеңісі. Оның жалпы рекорды – 20 жеңіс пен 2 жеңіліс, ал UFC-де ол әлі жеңіліп көрген жоқ: нәтижесі 4-0.

Жекпе-жектен кейін Асу UFC президенті Дана Уайтқа үндеу жасап, чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке бір мүмкіндік беруін сұрады. Өзіне сенімді екенн жеткізіп және Қазақстандағы жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыз