Дамушы елдердің орталық банктері мөлшерлемелерді төмендетуге асығар емес. Себебі олар АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесін күтіп отыр. Сондай-ақ ФРЖ-ның қыркүйек айында жеңілдету циклін бастағанда «фальстарт» жібермегеніне әбден көз жеткізіп алғысы келеді. Азиядағы қор нарықтары үшін өткен апта кейінгі екі жылдағы IPO бойынша ең көп жүктеме түскен апта болады. Компаниялар АҚШ-тағы сайлау алдында инвесторларды тартуға асығып жатыр. Осы және өзге де тақырыптар туралы өткен демалыс күндеріне арналған әлемдік БАҚ шолуынан оқыңыз.
ФРЖ-ның «фальстарт» қаупі дамушы нарықтарды белгісіздікке ұрындырды
Bloomberg-тің хабарлауынша, дамушы нарықтардың активтері АҚШ-тағы мөлшерлемелер ұзақ уақыт бойы жоғары болып қалады деген сценариймен саудаланып жатыр. Дамушы нарықтардағы трейдерлер АҚШ-тағы инфляциялық экономика мен Қытайдағы дефляциялық экономика жағдайында қайтадан «қорғаныс позициясын» ұстануда.
«Нарық Қытайдың әлсіреуінен, Трамптың президенттікке қайта оралуынан және АҚШ-та тұрақты инфляцияның ықтималдығынан алаңдайды», – деп мәлімдеді Gam UK Ltd. инвестициялық директоры Пол Макнамара.
Экономистердің пікірінше, Трамп импортқа баж салығын арттыру және басқа да протекционистік шараларды іске асырса, АҚШ-та баға өсіп, дамушы елдерден экспортқа сұранысты төмендетеді.
Хедж-қорлар АҚШ-тағы баж салығын арттыруға осал дамушы экономикаларға қарсы доллардың өсуіне алыпсатарлық жасап, позицияларын арттырып жатыр. Көптеген орталық банктердің ФРЖ үлгісіне еріп, мөлшерлемелерді төмендетуге асықпағаны кездейсоқ емес. Олар АҚШ президенті сайлауының нәтижесін күтумен қатар, ФРЖ-ның «фальстартқа» жол бермегеніне көз жеткізгісі келеді.
«АҚШ-тың қазынашылық облигацияларының табыстылығы 4%-дан жоғары және АҚШ-тағы экономикалық белсенділіктің өсуі ФРЖ қысқарту циклі басталды деген идеяға күмән тудырады. Бәлкім, өткен айда бізде фальстарт болған шығар», – дейді британдық Frontier Road Ltd. компаниясының хедж-қор менеджері Мартин Берсетче.
Nvidia 4 трлн доллар көлеміндегі нарықтық капиталдандырылуға қол жеткізбек
БАҚ Nvidia компаниясының жетістігін талқылап жатыр. Өткен аптада компания акцияларының бағасы 138 доллардан жоғары болып, нарықтық құнын 3,39 трлн долларға жеткізді. Демек әзірше бұл Apple-ден кейінгі әлемдегі екінші ірі компания. Бірақ бұл ұзаққа созылмауы мүмкін. Сарапшылар компанияның жақын арада әлемде бірінші болып 4 трлн долларлық бағалауға жететініне сенімді, деп жазды YahooFinance
T. Rowe Price портфель менеджері Тони Ванг Nvidia-ның 2024 жылдың басынан бері 179%-ға өсуіне қарамастан, инвесторлар компанияны әлі де бағаламай отыр деп мәлімдеді. Оның пікірінше, ЖИ-ге деген «ерекше» сұраныс компанияның 4 трлн долларға дейін өсіруі мүмкін.
«Таңдаулы жетіліктің» тоқсандық кірістер туралы есептері Nvidia-ның нарықтағы үстемдігі туралы инвесторларға жақсырақ түсінік береді. Чип өндірушінің кірісінің 40%-дан астамын құрап отырған Meta, Amazon, Alphabet және Microsoft компаниялары бұрын ЖИ-ге инвестиция салуды жалғастыруға уәде еткен болатын. Демек жабдықты сатып алу да жалғасады.
Үшінші тоқсандағы Big Tech көрсеткіштері Nvidia үшін шешуші сынақ болады, деп есептейді сарапшылар. ЖИ-ге арналған шығындар жоспардағыдай шықпаса, бұл Nvidia үшін және чип нарығы үшін құбылмалылыққа әкелуі мүмкін.
Егер осындай жағдай орын алса, сатылым ұзаққа созылмауы мүмкін, дейді Niles Investment Management негізін қалаушы Дэн Найлс.
Nvidia акциялары ай басынан бері 21%-ға өсті, жыл басынан бергі өсімі – 179%.
Осы аптада Азияда маңызды IPO өтеді
Азия қор нарықтарында осы апта соңғы екі жылдағы ең қарбалас IPO кезеңі болады. Bloomberg-тің хабарлауынша, компаниялар АҚШ-тағы сайлау алдында инвесторларды тартуға асығуда. Азия-Тынық мұхит аймағынан 20 эмитент алғашқы акцияларын орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл шамамен 8,3 млрд долларға дейін қаражат тартуға мүмкіндік береді.
Bloomberg мәліметтеріне сәйкес, бұл 2022 жылдың сәуірінен бергі ең жоғары апталық көрсеткіш болуы мүмкін. Акцияларын ұсынатын компаниялардың қатарында Қытай, Үндістан және Жапония эмитенттері бар.
Сәрсенбі күні Гонконгта бөтелкедегі су өндіруші China Resources Beverage Holdings Co. дебют жасайды, ал бейсенбіде автономды жүргізу технологияларын әзірлейтін Horizon Robotics Inc. акцияларын ұсынады. Алғашқысы шамамен 649 млн доллар жинауды жоспарлап отыр. Соңғысының IPO-сы шамамен 696 млн долларға жетуі мүмкін. Оған Alibaba Group және Baidu қызығушылық танытты.
Үндістанда сейсенбі күні Hyundai Motor India-ның 3,3 млрд долларға бағаланған алғашқы акцияларын орналастыру басталады. Бұл ел тарихындағы ең ірі IPO болмақ. Тапсырыстар кітабы сатудың соңғы күні екі еседен астам артық жазылғанымен, ұсақ инвесторлар тарапынан қызығушылық төмен болды.
Morgan Stanley компаниясының Азия нарықтары басшысы Кэти Чжанның пікірінше, «біз Гонконг пен Қытайдың капитал нарықтарындағы қалпына келтірудің бастапқы кезеңін бақылап отырмыз».
Аналитиктер капиталдандырылуы шағын компаниялардың акцияларын таңдауды ұсынады
CNBC капиталдандырылуы шағын компаниялар секторындағы акциялар туралы сарапшылардың пікірлерін жариялады. Капиталдандырылуы шағын компанияларды бақылайтын Russell 2000 индексі 2024 жылдың басынан бері 12%-дан астам өсім көрсетті. Алайда кеңірек қамтылған S&P 500 индексі сол кезеңде шамамен 23%-ға жоғарылады.
Dimensional US Small Cap ETF өкілі Роб Харви капиталдандырылуы шағынкомпаниялардың нәтижелері таңдалған акцияларды қолданса жақсырақ болуы мүмкін екенін айтты. «Пайдасы төмен компанияларды ұстап тұрудың мағынасы жоқ», –дейді сарапшы.
BNY Mellon компаниясының жаһандық ETF жетекшісі Бен Славин де капиталдандырылуы шағынкомпанияларды іріктеу керек деп санайды. Ол мұндай стратегиялардың «пайда әкелетінін» атап өтті.