Қазақстан банктерінің таза пайдасы 1,85 трлн теңгеге жеткен
2024 жылғы 1 қазандағы дерек бойынша, Қазақстан банктерінің таза пайдасы 1,85 трлн теңгеден асқан. Бір ай бұрынғын 1,62 трлн теңге көрсеткіштен 203 млрд теңге артық. Бұл туралы Ұлттық банк жариялаған деректерде жазылған.
Екінші деңгейлі банктердің жиынтық капиталы 8,2 трлн теңгені құрайды. ЕДБ-нің жиынтық капиталы айма-ай 2,6% өссе, жылдық мәнде 32,2%-ға артқан.
Қыркүйектің соңында Қазақстандағы бүкіл банктің жиынтық активті айлық мәнде 0,5%-ға өсіп, 58,1 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан 21,4% өсім көрсеткен. Қаржы ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 11,87% өсіп, 44,57 трлн теңгеден 49,87 трлн теңгеге жетті.
Банктердің шығысы табыс салығын қоса алғанда, бір айда 11,3%-ға өскенімен, жылдық мәнде 20%-ға төмендеді.
Бұған дейін Қазақстандағы 21 екінші деңгейлі банктің арасындағы ең табыстысы – Halyk bank екенін жазғанбыз.