Өзбекстан Қазақстанға пайда әкелмегенін көріп, ЕАЭО-ға кіруден бас тартты

Жарияланды
Өзбекстан ЕАЭО-ға кіруден неге бас тартты / фото: kursiv.media мұрағаты

Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одақ интеграциясынан бас тартып отыр. Олий Мажлис спикерінің бірінші орынбасары Акмал Саидовтың пікірінше, бұл бірлестікке бақылаушы ел болу жеткілікті. Бұл туралы Фергана ақпарат агенттігі хабарлады.

«Мен Өзбекстанның ЕАЭО-ға Өзбекстанның кіру мүмкіндігін зерделеу жөніндегі парламенттік комитеттің жетекшісімін. Бұл ұйымның мыңнан аса құжаттарын мұқият қарап шықтық. Бүгінгі күні бақылаушы мәртебесі еліміздің мүддесіне сай деген қорытындығы келіп отырмыз», – Акмал Саидов.

Бұл шешімге не үшін келгенін спикер Қазақстаннан тәжірибесімен түсіндіріп берген.

«Мысалы, қазақ әріптестерді алсақ, осы одаққа кіргеннен елдеріне келген пайда өте аз. Әрине, бұл ақпараттың шынайылығына кепілдік бере алмаймын. Өзбекстанның сыртқы саясаттағы негізгі қағидаттары бар. Олар Конституцияның жаңа редакциясында бекітілген. Біз соны басшылыққа алатын боламыз», – деді спикер.

Акмал Саидовтың пікірінше, Өзбекстан ешқандай әскери құрылымға кірмейді. Еуразиялық экономикалық одаққа тек қана бақылаушы мемлекет ретінде ғана қатысады.

«Біз ешқашан жігіттерімізді қандай да бір әскери миссияны орындау үшін шетелге жібермейміз. Тіпті, бітімгершілік күштері сапында да. Жерімізде ешқандай шетелдік әскери база болмайды», – деді ол.

Айта кететін жайт, 2019 жылы 2 қазанда Ресей Сенатының спикері Валентина Матвиенко Өзбекстан ЕАЭО-ға кіруге ниетті деп мәлімдеген болатын. Ташкент ол кезде еуразиялық интеграцияға мүдделі екенін, бірақ жақсы және жаман жақтарын саралап жатқанын айтқан-ды.

Сондай-ақ оқыңыз