Молдовада президенттік сайлаудың екінші кезеңі 3 қарашада өтеді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, барлық бюллетеньді өңдегеннен кейін, қазіргі президент Майя Санду көш бастап тұр. Алайда кандидаттардың ешқайсысы 50% дауыс жинай алмаған.
ОСК ақпараты бойынша Кишинев уақытымен таңғы сағат 7:30-да бюллетеньдердің 97,88%-ы өңделіп біткен. Бірінші турдың қорытындысы бойынша:
- Майя Санду 41,84% дауыспен көш бастап тұр, оған 630 712 сайлаушы дауыс берген;
- Екінші орында бұрынғы президент Игорь Додон партиясының ЕуроОдаққа қосылуға қарсы кандидаты Александр Стояногло тұр. Оған сайлаушылардың 26,35%-ы дауыс берді — 397 200 адам;
- Бельц қаласының бұрынғы мэрі Ренато Усатый ең аз дауыс жинады – оны 13,76% немесе 207 563 адам қолдады.
«Бірде-бір кандидат 50% дауыс жинамаса, екінші тур тағайындалып, оған ең көп дауыс жинаған екі үміткер қатысады», – делінген хабарламада.
BBC мәліметі бойынша, Майя Санду 3 қарашада Александр Стояногломен екінші турда кездеседі. Екінші турға дейін олардың арасында дебат болуы тиіс. Мұнда кандидаттар елдің ЕуроОдаққа кіруі туралы референдум қорытындысы туралы да сөз таластырады.
Еуропалық Одаққа қосу туралы референдумға сайлаушылардың 51,57%-ы келген. Әзірге олардың 49,90%-ы одаққа қосылуды қолдаса, 50,10% қарсы шыққан.
Айта кетейік, Молдовада президенттікке 11 үміткер тіркелген. Референдум мен сайлау 20 қазанда өткен.