Жаңалықтар

Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының ойындары өтеді

Алматыда футзал бойынша УЕФА ойындары өтеді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

22-25 қазан күндері Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі ойындары өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтетін УЕФА Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінің төртінші тобындағы матчтары өтеді. Төртінші топта алматылық «Қайрат», «Спортинг» (Португалия), «Халадаш» (Венгрия) және «Семей» командалары өнер көрсетеді.

Матчтардың күнтізбесі мынадай:

22 қазан

  • 17:00. «Семей» – «Спортинг»
  • 20:00. «Халадаш» – «Қайрат»

23 қазан

  • 17:00. «Халадаш» – «Спортинг»
  • 20:00. «Қайрат» – «Семей»

25 қазан

  • 15:00. «Семей» – «Халадаш»
  • 18:00. «Қайрат» – «Спортинг»

Жанкүйерлер билеттерді TICKETON.KZ сайтынан сатып ала алады. Бір билет бір ойынға жарамды.

Сонымен қатар QAZSPORT телеарнасы «Қайраттың» барлық кездесуін тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында өнер көрсетіп ширек финалға дейін жеткен еді.