Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында байланыс қызметтерінің көлемі 11,8%-ға ұлғайып, 1,004 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институты хабарлады.
Сарапшылардың мәліметінше, соңғы тоғыз айда интернет қызметтері ең жоғары өсім көрсеткен, көлем индексі 117,1%-ды құраған. Бұл жоғары жылдамдықты интернетке сұраныстың артуы мен цифрлық инфрақұрылымның кеңеюін көрсетеді.
Телекоммуникациялық байланыс қызметтері 2,7%-ға өскен, ал мобильді байланыс қызметтері 86,9%-ға дейін төмендеген. Бұл нарықтың тұрақты интернет-сервистерге ауысуын көрсетеді.
Сарапшылар Алматы мен Астана қалалары байланыс қызметтерінің жалпы көлемінің 81%-ын иеленіп, телекоммуникациялық белсенділіктің ірі қалаларда шоғырланғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда тауарлар мен қызметтер ақысының өсу көрсеткіші жағынан Ресейден де алға шығып кеткені туралы жазған едік. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстандағы инфляция 8,7%-ды құрады. Атап айтқанда, ЕАЭО елдері арасында бұл мән Ресейде 8,3%, Беларусьте 5,8%, Қырғызстанда 4,8% құрады.