Marvel кейіпкері мен Том Харди қазақша сөйлейді

Жарияланды 21 Қазан 2024 17:03

(жаңартылды 21 Қазан 2024 17:04)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Веном қазақша сөйлейді / фото: watch.plex.tv, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

24 қазан күні кинотеатрларда қазақша дыбысталған Веном-3 киносы шығады. Бұл туралы Меломан афиша хабарлады.

Меломан компаниясының бас директоры Вадим Голенконың айтуынша, қазақ тіліне дубляж жасалған фильмдер тек қана ойын-сауық үшін емес, сонымен бірге білім беру тұрғысынан да маңызды рөл атқарады. «Сүйікті кейіпкерлердің қазақ тілінде сөйлегені көрермендерге ерекше әсер қалдырады», – дейді Голенко. Оның айтуынша, қазақ тілді дубляждың сұранысы жоғары екенін дәлелдеу арқылы келешекте тағы да көптеген Голливуд фильмдерінің қазақ тілінде көрсетілуі мүмкін.

Бұл фильм қазақ тіліне Movie Dalen дубляж студиясында аударылып, 24 қазаннан бастап көрермендерге ұсынылады.

Танымал актер Том Харди «Веном» фильмінің соңғы бөлімінде өзінің әйгілі рөліне оралады. Бұл бөлімде Эдди мен Веномның бір-біріне қарсы күресуі жер бетінде ғана емес, өзге әлемдерде де болмақ. Марвел кейіпкерлерін сүйетін жанкүйерлер енді бұл туындыны қазақ тілінде көре алады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда биылғы жылы қазақ тілінде прокатқа шыққан екі анимациялық фильм де табысты болды. Алғашқысы Disney және Pixar студияларының «Ойжұмбақ-2» фильмі қазақ тіліндегі нұсқасы прокатта 128 миллион теңге жинап, қазақ тілінде дубляждалған барлық фильмнің арасында ең табысты фильмге айналды.

Сондай-ақ оқыңыз