Жаңалықтар

Украинадағы соғыс 2026 жылға дейін созылуы мүмкін – Халықаралық валюта қорының болжамы

Укаринадағы соғыс
ХВҚ болжамына сәйкес, Украинадағы соғыс әлі 2 жылға созылуы мүмкін / Фото: shutterstock

Украинадағы соғыс 2026 жылдың ортасына дейін созылуы мүмкін. Халықаралық валюта қорының Украинаға қатысты жаңартылған баяндамасында осылай жазылған. Сонымен бірге қор елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне қатысты болжамын нашарлатқан.

«Ресейдің Украинадағы соғысы экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық шығындарды өсіріп жатыр. Энергетикалық инфрақұрылымға жасалған шабуылдар айтарлықтай экономикалық залал мен шығын әкелді, ал болжам әлі де белгісіз. Соғыс келесі жылы да жалғасады деп күтілуде. Бұл шығындарға қысым жасайды және қосымша қаржыландыруды қажет етеді»,  – делінген құжатты.

Қор болжамы бойынша соғысқа қатысты базалық және теріс сценарий қарастырылған. Базалық сценарий бойынша соғыс 2025 жылдың аяғына дейін созылады деп болжанып отыр. Ал теріс сценарийге сәйкес, соғыс 2026 жылдың ортасында бірақ аяқталуы мүмкін және бұл Украинаның макроэкономикалық көрсеткіштеріне ауыр соққы болады. Қордың өткен жылғы есебінде теріс сценарий бойынша соғыс 2025 жылдың соңына дейін созылады деп болжанған.

Десе де ХВҚ Украина экономикасы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында күтілгеннен де тұрақты болып шыққанын атап өткен. Енді қақтығыстың ұзаруына байланысты 2024 және 2025 жылдары Украинаның макроэкономикалық көрсеткіштері нашарлайды деп болжанып отыр.

«ХВҚ Украинаның энергетикалық секторына қатысты тәуекелдер мен халықаралық қолдау мерзімінің ұзаруын ескере келе, қақтығыстың ұзаруы бұл ел үшін «қосымша қаржыландыру қажеттілігін» тудырады деп болжайды. Осы орайда «Үлкен жетілік» елдерінің Украинаға «тұрақты, көпжылдық» қаржылық қолдау ретінде 50 миллиард доллар беруге міндеттемесі «елдің ұлғайған қаржыландыру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін маңызды»,  – делінген қор баяндамасында.