Қазақстанда алтын бағасы қымбаттаған сайын саудасы да қызды

Жарияланды
Биыл 475,5 келі болатын 14 000 алтын құймасын сатылған/ фото: ашық дерек көздері

Қазақстанда алтын қымбаттап жатса да, алтын сату көлемі өсіп жатыр. Мәселен, 2024 жылдың үшінші тоқсанында екінші деңгейлі банктер және жеке банктік емес валюта алмастыру орындары салмағы 475,5 келі болатын 14 000 алтын құймасын сатқан. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл өткен сайын алтынның саудасы қызып келеді. Бөлшек сауда 65%-ға артқан. Салмағы, яғни келі бойынша,  24,6%-ға өсіпті.

Айта кететін жайт, биыл екінші тоқсанда алтын саудасы біршама саябырсыды. Ол кезде жалпы салмағы 779,2 келі болатын 14 752 құйма сатылған еді.

Ұлттық банктің пікірінше, алтынға деген сұраныс бағасының өсуіне тікелей байланысты. 2024 жылдың басынан бері алтын 39,5%-ға қымбаттапты. Бағасына келсек, бір грамы 30,3 мың теңгеден 42,2 мың теңгеге дейін өскен.

Мұның алдында алтын өндірушілер алтын құймаларының 10%-ға дейін қымбаттайтыны, баға рекордтық көрсеткішке жететіні туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз