Жаңалықтар

АҚШ-та батырмалы телефондар сәнге айналады деп болжам жасалды

Заманауи компаниялар батырмалы басқарудың мүмкіндіктерін тұтынушыларға қайта ұсынып отыр / фото: kursiv.media мұрағаты

Алдағы уақытта батырма және электронды құрылғыларды басқарудың басқа да элементтері сенсорлық дисплейлерге қарағанда танымал болмақ. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлады.

Басылымның пікірінше, компаниялар жиырма жылдан бері сенсорлық дисплейлерге көп қызмет қосып келеді. Бірақ бұл жұмыстар көп нәтиже бермеуі мүмкін.

«Енді батырма, тұтқа, слайдер және басқа да басқару элементтері көліктерге, тұрмыстық техникаларға және электроникаға қайтып келіп жатыр», – делінген мақалада.

Автордың ойынша, заманауи компаниялар батырмалы басқарудың мүмкіндіктерін тұтынушыларға қайта ұсынып отыр. Электронды кітап, мобильді телефоннан бастап индукциялық плитаға дейін барлық құрылғыларда қолданылуын қарастырып жатыр.

Сарапшының пікірінше, мұның өзіндік себебі бар. Батырмалар басқаруға оңай әрі қарамай-ақ пайдалана беруге болады.

Сондай-ақ АҚШ жастары арасында автоматты қозғалтқышы бар көліктерден гөрі механикалық қозғалтқышы бар көліктер сәнге айналып келеді.