Kaspi Магазиннен сыйлық алуға арналған Kaspi Сертификаты
Жарияланды

Сыйлық іздеп, не аларыңызды білмей жүрсіз бе? Kaspi.kz мобильді суперқосымшасында жаңа «Сертификаттар» сервисі пайда болды, оның көмегімен сыйлық жасау оңай әрі әдемі.
Сертификат кез келген жағдайға лайық: туған күн, үйлену тойы, басқа да маңызды оқиға немесе жәй ғана сүйікті адамыңызға тосын сый. Оны алушыға тікелей Kaspi.kz-қосымшасында жіберіп, жылы сөздерді – құттықтаулар мен тілектерді қосуға болады.
Kaspi Сертификаттың жарамдылық мерзімі шектелмеген. Алушы 8 миллионға жуық алуан түрлі тауардың ішінен ұнатқан сыйлығын өзі таңдай алады: кітаптар, музыкалық аспаптар, автокөлік тауарлары, зергерлік әшекейлер, киім, аяқкиім, аксессуарлар, спорттық тауарлар, балалар ойыншықтары, үйге арналған тауарлар және басқалары.