Алматыда цифрлық экожүйелерді дамытушы компаниялардың қатысуымен өтетін KURSIV ECOSYSTEMS тәуелсіз форумы басталды. Шарада – Қазақстан цифрлық нарығының көшбасшылары мен сарапшылары экожүйені дамыту мәселелерін талқыға салады.
Цифрландыру мемлекеттік органдар мен бизнестің айнымас бөлігіне айналып, қарқынды дамуына жағдай жасады. 2023 жылы Қазақстанда электронды коммерция жалпы ішкі өнімнің 2% құраған. Түскен жалпы табыс 2,44 трлн теңгеге жетті. Негізгі сатылым маркетплейстерде жүзеге асып, сауда қарқыны 126% өскен.
Электронды коммерцияның дамуына да финтехтегі өзгерістер тікелей әсер етті. 2023 жылы онлайн транзакциялар 84% артып, саудадағы орта чек 26,8 мың теңге болды. Бөліп төлеу мен несие алу қызметтері онлайн іске асырыла бастады.
Елдегі мұндай елеулі өзгерістердің нәтижесі қандай болмақ? Алдағы уақытта финтех пен маркетплейстерден қандай жаңалықтар күтеміз? Саладағы сарапшылар, реттеуші орган өкілдері мен нарық көшбасшылары осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп, KURSIV ECOSYSTEMS форумында пікір таластыратын болады.
Форумның онлайн трансляциясын KURSIV Youtube-арнасынан көре аласыз.
Шараға «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин, «Қазпошта» басқарма басшысы Айжан Бижанова, Kaspi компаниясының негізін қалаушы Михаил Ломтадзе жәнеCEO Freedom Holding Corp. Тимур Турлов сынды спикерлер қатысады.