Жаңалықтар

Молдова халқының көп бөлігі ЕуроОдаққа кіруді таңдады

Молдова ЕуроОдақ
Молдова ЕуроОдаққа кіруді таңдады / shutterstock, бильд-редактор: Денис Андреев

20 қазанда Молдовада өткен референдум қорытындысы бойынша сайлаушылардың 50,46%-ы (751,235 адам) елдің ЕуроОдаққа кіруі үшін Конституцияға өзгеріс енгізуді қалады.

Қарсы шыққан сайлаушылар көрсеткіші 49,54% (737,639 адам) болды. Референдумда дауыс берген азаматтар 51,68, яғни 1,5 миллионнан астам молдован.

Сайлаушылар бір сұраққа жауап беруі тиіс болған:  «Молдова Республикасының Еуропалық одаққа кіруі үшін конституцияны өзгертуді қолдайсыз ба?» Референдум қорытындысы жарамды деп танылуы керек болған. Ол үшін сайлауға келушілер пайызы мен ЕуроОдаққа қосылуды қолдаушылар пайызы 50-ден асуы тиіс еді.

«Молдова халқы өз таңдауын жасады. Азаматтардың көпшілігі еуропалық даму жолына түсуді қолдады», — деді ел президенті Майя Санду. 

Референдуммен қатар елде президенттік сайлау өткен. Алайда кандидаттардың бірде бірі қажетті 50% межеден өте алған. Орталық сайлау комиссиясы 3 қарашаға сайлаудың екінші турын белгіледі. Оған ЕуроОдаққа қосылуды қолдайтын қазіргі президентпен қатар, ЕуроОдаққа қосылуға қарсы Александр Стояногло түспек. Екі кандидат арасында алдын ала дебат болуы тиіс. Пікірталаста олар Еуропалық одаққа кіру мәселесі туралы да айтады деп күтілуде.