Жаңалықтар

Сервистерді жасау және технологияларды қолдауға шамамен 200 млн доллар жұмсаймыз – Михаил Ломтадзе

Қазақстанда жасалған цифрлық технологиялар басқа елдермен салыстырғанда ерекше / Фото: Илья Ким

Kaspi.kz сервистерді жасау және технологияларды қолдауға шамамен 200 млн доллар жұмсайды. Бұл туралы KURSIV ECOSYSTEMS тәуелсіз форумында компания басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе айтты.

«Біздің миссиямыз – отбасылардың, кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің өмірін жақсарту, жұмысты тиімдірек сату, сонымен бірге адамдардың өмірін ыңғайлы ету. Екіншіден, біздің миссиямызда географиялық шектеулер жоқ», – деді Михаил Ломтадзе.

Оның айтуынша, қазақстандық финтех компания осы тәжірибесін өзге елдермен бөлісіп келеді. Бұл ретте форум модераторы Kaspi.kz шағын және орта бизнесті дамыту үшін қандай қадамдар жасап жатқанын сұрады.

«Біз әзірлейтін технологиялар мен қызметтер біздің тарапымыздан үлкен инвестиция. Сервистерді жасау және технологияларды қолдауға шамамен 200 млн доллар жұмсаймыз. Елестетіп көріңізші, мысалы, Қазақстанда шағын және орта бизнес үшін мұндай электронды платформа болмаса, онда бізде тек шетелдік сауда алаңдары ғана болар еді», – деді финтех компания басшысы.

Еске сала кетсек, KURSIV ECOSYSTEMS тәуелсіз форумы Қазақстан цифрлық нарығының көшбасшылары мен сарапшыларын бір ортаға тоғыстырған алаң.