Алматы көшелерінде агрессивті көлік жүргізушілері қанша уақыт ұтады?

Жарияланды 22 Қазан 2024 11:31

(жаңартылды 22 Қазан 2024 12:34)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Sergek агрессивті жүргізушілер қанша уақыт ұтатынын анықтады / фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Сергек ITS сарапшылары жол бойындағы жолақтардың арасында біріншісінен екіншісіне жиі ауысып, газды жылдам басатын жүргізушілердің қанша уақыт ұтатынын анықтады. Интеллектуалды көліктік талдау, мониторинг және көліктік болжау жүйесінің мәліметтері бойынша агрессивті көліктердің үнемдейтін орташа уақыты небәрі 42 секундты құрайды.

Зерттеу Алматыда бір апта бойы әл-Фараби даңғылының шығыс бағыттағы 16,5 км учаскесінде жүргізілді. Агрессивті іс-әрекет ретінде келесі параметрлер алынды: жүргізуші бір жолақтан екіншісіне бір реттен көп ауысуы, орташа жылдамдығы 50 км/сағаттан жоғары және жылдамдықты 65 км/сағ-тан күрт үдетуі.

Талдау жүргізілген аптада аталған учаскеде 66 мыңнан астам көлік өтті, оның 22 мыңы агрессивті жүргізу түрін көрсетті. Бұның 6 мыңы такси жүргізушілері. Сонымен қатар жалпы көліктердің 23,5%-ы кем дегенде бір рет агрессивті жүргізуші белгісін көрсетіп, ал 9,5%-ы тұрақты түрде жасаған.

«Агрессивті» жүргізуші мен «қауіпті» жүргізуші сияқты ұғымдарды ажырата білу керек. Қауіпті жүргізушіден айырмашылығы, агрессивті жүргізуші өрескел тәртіп бұзбайды, бірақ оның маневрлері арқылы басқа жол қозғалысына қатысушыларға ыңғайсыздық туғызады, апатқа ұшырау қаупін арттырады. Жүргізушілер бар болғаны 42 секунд үнемдеу үшін өзінің және өзгенің өмірін қатерге тігу керек пе деген сұраққа ойланып көргені жөн», – деп атап өтті компания.

Айта кетейік, Sergek ITS (Intelligent Transportation System) – бұл қаладағы кептелістердің себептерін анықтауға, қоғамдық көлік үшін тиімді бағыттар мен кестелер құруға, қалалық инфрақұрылымды жоспарлауды өзгертуге мүмкіндік беретін интеллектуалды көлік жүйесі.

Бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында жолға орташа есеппен қанша уақыт кететіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз