Астана мәслихаты кондоминиум объектілерін күтіп ұстауға кететін шығыс көлемін 1 шаршы метр үшін 57 теңге көлемінде бекітті. Бұл жайлы «Ашық НҚА» порталына орналастырылған құжатта жазылған.
Құжат 2025 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін қолдануды көздейді
«Астана қаласында 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшері 1 шаршы метр үшін 57 теңге сомасында бекітілсін»,- делінген құжатта.
Бұл көлем «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-3 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітілген.
Айта кетсек, Астана мәслихаты 2024 жылға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға кететін шығыс көлемін де 57 теңге көлемінде бекіткен.
Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы құжатта кондоминиум объектісінің ортақ меншігіне кірмейтін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, автотұрақтардың, қойма бөлмелерінің меншік иесі саналатын көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісі (құрылыс салушы) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шығыстарды төлейтіні туралы норма бар.
Құжат ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.