Қар аралас жаңбыр, көктайғақ – «ҚазАвтоЖол» бірқатар өңірде көлік жүргізушілеріне абай болу керек екенін ескертті

Жарияланды (жаңартылды )
«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне абай болу керек екенін ескертті/ shutterstock

«ҚазАвтоЖол» АҚ көлік жүргізушілеріне жолаушыларға абай болу керек екенін ескертті.

Аталған мекеме дерегі бойынша 23 қазан күні Алматы, Ақтөбе, Абай, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарының кей жерінде жауын-шашын жауады. Ақмола, СҚО және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады деген болжам бар.  

«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне күн райын ескеріп, жолда сақ болуға шақырды.

«Қазгидромет» 22-24 қазан күндері, үш тәулік бойы ауа райы құбылмалы, жауын-шашын түсімі мол болатынын хабарлады. Күн суытып, жолаушыларға көктайғақ қауіп төндіруі мүмкін.

«23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), 24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді және тұман болжанады», – деп мәлімдеді «Қазгидромет».

Сондай-ақ оқыңыз