Жаңалықтар

Илон Маск пен Мукеш Амбани Үндістанда кең жолақты интернет таратуға таласып жатыр

Илон Маск Мукеш Амбани
Илон Маск пен Мукеш Амбани Үндістанда кең жолақты интернет таратуға таласып жатыр / shutterstock

Әлемдегі ең бай адамдардың ондығына кіретін екі миллиардер Үндістанда кең жолақты спутниктік интернет таратуға таласып жатыр. Илон Маск пен Мукеш Амбани арасындағы бәсекеге ел үкіметі араласты.

BBC ақпаратына сүйенсек, осыған дейін интернет тарату мүмкіндігі аукционда шешіледі деген ақпарат болған. Алайда Маск аукционның Амбанидің қолдауымен өтетінін ескеруді өтінген. Енді ел билігі интернет тарату мүмкіндігі үкімет шешімімен шешілетінін хабарлады.

Спутниктік кең жолақты байланыс елдің кез келген аумағында интернетке қолжеткізуге мүмкіндік береді. Бұл желі арқылы деректерді жолдау жеңілдеп, елдің интернет түгілі кабельдік теледидар жоқ аймақтары байланысқа қосылады.

Үндістанның телекоммуникациялық реттеуші органы жоба құнын әлі жария еткен жоқ. Маск пен Амбаниді жоба құны емес, оның бір жыл ішінде 2 млн-ға жуық абонентті қосу мүмкіндігі қызықтырып отыр. 

Сарапшылар Үндістан үкіметінің жобаны Масктың Starlink компаниясына беруге мүдделі екенін айтады. Бұл премьер-министр Нарендра Модидің шетелдік инвесторларды тарту жолындағы ең үлкен жетістігінің бірі болмақ.

Дегенмен қазір елдегі негізгі телекоммуникация секторы негізінен Амбанидің Reliance Jio компаниясына тиесілі болып отыр. Оның саладағы басты серіктері люксембургтік SES Astra компаниясаның Илон Масктің компаниясынан басты артықшылығы спутниктік желілері жер орбитасынан әлдеқайда алыс орналасып, бір спутниктің өзі ауқымды қашықтықты қамти алады.

2024 жылы жария болған Forbes-тің әлемдегі ең бай елдер тізімінде Илон Маск 2-орында (195 млрд доллар), Мукеш Амбани 9-орында (116 млрд доллар) тұр.