Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрі қарамағындағы қызметкердің неліктен істі болғанын білмейді

Сапаров Әбдікәрімовтің неліктен күдікке ілінгенін білмейді / Асқар Ахметуллин, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік кешендегі (АӨК) мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов сыбайлас жемқорлық үшін сотталса, министрдің отставкаға кетуі туралы сауалға жауап берді. Сонымен бірге, ол қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық агенттігінің тергеуіне неліктен іліккенін білмейтінін айтты.

Үкіметтегі брифингте журналистер Сапаровтан Әбдікәрімовке қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастаған тергеу туралы ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұрады. Министр Әбідкәрімовтің жұмысынан уақытша шеттетілгенін айтты.

«Тергеу жүріп жатыр, нәтижелері бойынша қосымша хабарлаймыз. Әзірге ақпарат бере алмаймыз. Ақпарат беруге құзыретті емеспін», – деп жауап берді министр.

Министр Әбдікәрімов сыбайлас жемқорлық үшін сотталса, басшылықтың қызметінен кетуіне байланысты сұраққа жауап берді.

«Барлығы сот шешімінен кейін, заң аясында шешім қабылданады», – деп қосты Сапаров.

Ашық дереккөздердегі ақпарат бойынша Дархан Әбдікәрімов мемлекеттік инспекция комитетінің басшылығына маусым айының басында тағайындалған.