Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстанның биылғы жылы 3,5% және 2025 жылы 4,6% деңгейінде экономикалық өсіміне қатысты болжамын өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы ұйымның сайтында жарияланған баяндамада жазылған.
2026 жылы ЖІӨ өсімі 3,4%, ал 2027 жылы экономика 0,2%-дық тармаққа өседі деп болжануда.
ХВҚ 2024 жылға арналған макроэкономикалық болжамдарын жаңартып, бірқатар елдерге қатысты көрсеткіштерді төмендетті. Сондай-ақ:
- Жыл басындағы экономикалық өсімнің баяулауына байланысты АҚШ бойынша болжам 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді.
- Жапония бойынша болжам 0,2 пайыздық тармаққа төмендеді, бұл жеткізу тізбегіндегі уақытша кідірістер және жеке инвестициялардың жетіспеушілігін көрсетеді.
- Бразилияға келсек көрсеткіш -0,1 пайыздық тармаққа төмендеген. Ол соңғы су тасқынының салдарына байланысты.
- Мексика бойынша болжам 0,2 пайыздық тармаққа төмендеді. Оған сұраныстың әлсіреуі ықпал етті.
- Болжамның ең үлкен төмендеуі – 0,9 пайыздық тармаққа Сауд Арабиясында тіркелді. Оған мұнай өндіруге шектеулерді ұзарту ықпал етті.
Сонымен бірге, ХВҚ басқа аймақтар бойынша болжамдарды жақсартты:
- Еуроаймақ: көрсеткіш 0,1 пайыздық тармаққа жақсарды. Бұған қызмет көрсету секторының нығаюы мен жоғары таза экспорт себеп.
- Қытай: болжам 0,4 пайыздық тармаққа өсті, оған тұтынудың қалпына келуі және жылдың басында күшті экспорт көмектесті.
- Үндістан: болжам 0,2 пайыздық тармаққа жақсарды. Ол ауылдық жерлерде жеке тұтынудың артуына байланысты.
Еске сала кетсек, қазан айының басында Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2029 жылы жаһандық экономиканың өсуін 3,1% деңгейінде болжады. Бұл соңғы онжылдықтардағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі болды. Аталған деректер ХВҚ-ның жылдық есебінде жазылған.
2024 жылғы шілдеде Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамын өзгертпеді.