Түркия астанасы – Анкара маңындағы әскери-өнеркәсіптік кәсіпорында жарылыс болып, үш адам қаза тапты
Түркияның Анкара провинциясында орналасқан Turkish Aerospace (TUSAŞ) аэроғарыш компаниясының штаб-пәтерінде күшті жарылыс болды. Мұны Түркия билігі теракт деп бағалады.
«Түркияның аэроғарыш өнеркәсібіне қарсы лаңкестік шабуыл жасалынды. Өкінішке қарай, қаза болғандар бен жараланғандар бар», — деп жазды ішкі істер министрілігнің басшысы Али Ерликая X әлеуметтік желісінде.
Лаңкестік оқиға салдарынан үш кісі қаза болған, 14 қызмкеткер жарақаттанған. NTV телеарнасы терроршылар компания ғимаратын басып алмақ болғанын хабарлады. Қарулы топ такси көлігімен келген.
Turkish Aerospace Industries – жойғыш ұшақтар мен ұшқышсыз ұшақтардың дизайнері және өндірушісі. Сонымен қатар TUSAŞ түрік Kaan ұшағының түпүлгісін жасаушылардың бірі болып табылады.
Шетелдік ақпарат құралдары осы аптада Түркияда қорғаныс, аэроғарыш және авиация өнеркәсібінің көрмесі өтіп жатқаны туралы жазды. Қорғаныс секторы Түркияның экспорт көрсеткішінің шамамен 80%-ын құрайды. 2023 жылы ел 10,2 миллиард долларға (9,46 миллиард еуро) қорғаныс техникасын экспорттады.