Үкімет басшысы Олжас Бектенов Президент Жарлығы бойынша қоғам қайраткерлер мен мемқызметшілерге және кәсіпкерлерге мемлекеттік наградаларды табыс етті. Премьер-министр Республика күнінің маңызы жөнінде айтып, жиынға қатысқандарды құттықтады.
II дәрежелі «Барыс» ордені Қазақстан Машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы М. Пішембаев, III дәрежелі «Барыс» ордені ҚР Үкіметінің Парламенттегі өкілі Е. Аманшаевке берілді.
Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Т. Оспанқұлов, Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М. Теміржанов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қ. Исқазиевке «Парасат» орденін табыстады.
Үкімет Аппараты басшысының орынбасары Э. Толғанбаев, Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Н. Жұмаділдаева, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиев, Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Б. Бекнияз, Энергетика вице-министрі Е. Ақкенженов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы К. Сейітова, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары В. Сон, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Т. Турлов «Құрмет» орденін иеленді.
Осы орденді алғандардың қатарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарушы директоры Ж. Өмірбеков, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары М. Ихсанов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппарат басшысы С. Кеулімжаев, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Б. Әбішева бар.