Жаңалықтар

Қазан қаласына келген Тоқаевты әуежайда қарсы алған топ дәстүрге сай нан мен тұз ұсынды

Тоқаевқа әуежайда қарсы алғандар дәстүрге сай нан мен тұз ұсынды/ фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-ке мүше мемлекет басшыларының XVI саммитіне қатысу үшін Ресей Федерациясының Қазан қаласына келді. РФ Президенті Владимир Путин Тоқаевты осы жиынға шақырған.

Қазанда Қазақстан басшысын орыс және татар дәстүріне сай қарсы алды. Әуежайда қарсы алған топ Тоқаевқа тұз, нан және чак-чак тағамын ұсынды.

Ақорда ақпараты бойынша Президент  маңызды кездесулер өткізеді. БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС+» үлгісінде ұйымдастырған пленарлық отырысында өз пікірін ортаға салады.

Қазақстанның халықаралық ұйым құрамына кіру мәселесі кеңінен талқылануда. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли бұл ұсынысты Тоқаев ұлт мүддесі тұрғысынан қарастыратынын айтты.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин БРИКС-ке мәжбүрлеп кіргізу туралы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін хабарлаған. Жұманғарин Ресейдің бидай тасымалын шектеуінің бұл іске қатысы жоқ екенін айтқан.