Анкара маңындағы жарылыстан кейін, Түркия күрдтердің Сирия мен Ирактағы нысандарына соққы жасады
Анкара маңындағы әскери объектіге жасалған шабуылдан кейін, Түркия күрдтердің Сирия мен Ирактағы нысандарына зымырандармен соққы жасады.
Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әуе шабуылдары нәтижесінде 30 астам террористік нысан жойылды. Сирия мен Ирактағы Күрд жұмысшылар партиясына қарсы операция Анкара маңындағы шабуылдан кейін басталды.
DW басылымының ақпаратына сүйенсек, әуе шабуылдары террористерге тиесілі 32 нысан жасалған. Түркия қорғаныс министрлігі нақты қандай нысандарға соққы бергенін нақтылаған жоқ. Мәлімдемеде бейбіт тұрғындарға зиян келтірмеу үшін «барлық сақтық шаралары» қабылданғаны жазылған. Әуе операциясы әлі де жалғасатын болады.
23 қазан күні кешке Анкара маңындағы Turkish Aerospace Industries (TAI, TUSAS) қорғаныс өнеркәсібі нысандарына террористік топ шабуыл жасап, жарылыс болған. Оқиға салдарынан 5 адам қайтыс болып, 22 адам жарақат алған. Шабуыл жасаған 2 адам да сол жерде қайтыс болған.
Түркияның ішкі істер министрілігі шабуылға Күрд жұмысшылар партиясының қатысы бар деген мәлімет таратқан.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия халқы мен президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтқан.