Қазақстандықтар енді тұрғын үй сертификаттарын Egov порталынан ала алады
Қазақстандықтар енді тұрғын үй сертификаттарын Egov порталынан ала алады. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялар басқармасы хабарлады.
Сертификат ҚР Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша үй сатып алынған жағдайда беріледі. Tұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
Tұрғын үй сертификаты мынадай жағдайларда әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады:
– өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 6 айдағы орташа табысы еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен белгіленген шектен аспаса;
– орташа табыс зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды есепке алмайды;
– 23 жасқа дейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар қарауға енгізіледі.
Tұрғын үй сертификатын онлайн алу үшін:
– eGov.kz порталына кіріп және «Жылжымайтын мүлік» – «Tұрғын үй қатынастары» бөліміне өту қажет;
– «Tұрғын үй сертификаттарын беру» тізімінен таңдап, қажетті жолдарды толтыру керек;
– ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою қажет;
– қызмет нәтижесімен https://kezekte.kz/ сайтына Жеке кабинетте танысуға болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда «Наурыз» ипотекасы бойынша сертификат алуға өтініш қабылдау басталғаны туралы жазған едік.