Жаңалықтар

Алаяқтар Қазақстан журналистер одағына қатысты жалған ақпарат таратып жатыр

Алаяқтар журналистерге қатысты жалған ақпарат тарата бастаған / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Алаяқтар енді журналистердің атын жамылып, халықты алдауға көшкен. Бұл жайлы Қазақстан журналистер одағы хабарлады.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар Қазақстан Журналистер одағы басшылығының атынан құқық қорғау органдары, нақтырақ айтсақ, ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚЖО-ға қатысты тексеру амалдарын жүргізіп жатыр-мыс деген жалған ақпарат таратуда»,- делінген хабарламада

Одақ осындай жалған ақпараттың тарап кетуіне байланысты Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгінген.

Алайда аталмыш күш құрылымдары жалған ақпарат таратып отырған алаяқтардың шетелден де әрекет етіп отырғанын айтып, ешқандай көмек көрсете алмайтындарын мәлімдеген.