Әнші Сиви Махмуди бұрынғы күйеуін іздестіру ісі бойынша есімін жариялай бермеуді сұрады

Жарияланды (жаңартылды )
«Сивидің бұрынғы күйеуі» деп жазуды доғарыңдар деп жазды Сиви Махмуди/ фото ашық дереккөздерінен, бильд-редактор Артур Алескеров

Әнші Сиви Махмуди Антикор бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұқанұлын іздеп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ол төрт жыл бұрын «күйеуін бір себеппен тастап кеткенін» айтты.

«Мен төрт жыл бұрын кетіп қалдым, «Сивидің бұрынғы күйеуі» деп жазуды доғарыңдар. Егер мен кетіп қалсам, мұның бір себепке байланысты екенін білдіреді! Менің атымды атамай-ақ қоюға болмай ма!? Бейшара күйеу ештеңе ойлаған жоқ, өкінішті», – деп жазды Махмуди Instagram парақшасында.

Астананың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Аңсар Қажымұқанұлына іздеу жариялады. Тізілімде іздеу жарияланған хабарламаның бастамашысы Агенттік екені көрсетілген.

Аңсар Қажымұқанұлы мен Сиви Махмуди шаңырақ көтергеннен кейін, он жылдай уақыт бірге тұрды. Олар үш жыл бұрын ажырасқан.

Сиви Махмуди – қазақстандық әнші, актриса және продюсер. Әншінің ең жақсы хиттері «Точно! Срочно!», «Біз біргеміз!», «Ұмыттым» клиптері 2020 жылы шыққан. 2023 жылы әнші өзбектің әйгілі «Уәде берме» әні негізінде «Не обищай» атты сингл жазды. Ол «Сиви немесе тағдырдың бұрылысы» (2008) және «Сабақ» (2011), «Соқыр махаббат» (2017) фильмдерінде ойнады.

Сондай-ақ оқыңыз