25 қазан күні Алматы қаласында Медеу мұз айдынында Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді. Осы іс-шараға қала әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары және әртүрлі бірлестік өкілдері қатысты. Тудың ауданы 98 шаршы метр, биіктігі 40 метр.
Сағат 21:00-де Абай алаңында, ал 21:30-да «Астана» алаңында дрондар шоуы өтеді. 500-ден астам дрон әуеде елдің тарихи-мәдени кезеңдерін, ұлттық белгілерді 3D бейнесін ұсынады. Сағат 20:00-де Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасы сәулелі жарық таратады.
Астана қаласында да түс қайта концерттік бағдарламалар жалғасады. Елордада қорытынды жәрмеңке ашылып, Ақмола, Ұлытау, Қостанай облыстарының диқандары өз өнімдерін ұсынды. Қала бойынша табысы аз отбасыларға 1 мың себет азық-түлік үлестірілді. Астана әуежайы мен темір жол вокзалдарында әнұран шырқалды.
Елордада мереке күні 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. 5 қазан күні сағат 21:00-де Триатлон саябағында (Пирс ауданы) отшашу өтеді.
Республика күні Қарағанды қаласында «Өлкетану» кітапханасы ашылды. Кітапханаға балалар да, ересектер де келе алады. Кітапхана ғимараты шыны киіз үлгісіне сәйкес келеді. Осында келгендер үстел ойындарын ойнап, домбыра тартып уақытын қызғылықты өткізе алады.
Ақтөбе қаласының Тутұғыр алаңында мерекелік шара өтті. Осы алаңда да көк байрақ салтанатты түрде көтеріліп, әнұран шырқалды. Сол күні қаланың Қызылжар шағынауданында 320 орындық, Қобда ауданының Терісаққан ауылында 60 орындық мектеп ашылды.
Солтүстік Қазақстан облысының орталығында салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді. 100-ден астам агроөнеркәсіп өкілдері қатысқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ет, сүт, балық өнімдері сатылды.