Жаңалықтар

SCAT әуекомпаниясы Камбоджа бағыты бойынша жаңа рейсті іске қосты

Камбоджа бағыты бойынша жаңа рейс ашылды/ фото: kursiv.media

SCAT әуекомпаниясы жаңа әуе жолын ашып отыр. Қазақстандықтар енді Камбоджаға ұша алады. Елордада 24 қазан күні осы бағытта алғашқы ұшақ әуеге көтерілді. 29  қазан күні Алматы қаласында да рейс басталады.

Азаматтық авиация комитеті осымен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне тікелей қатынауға арналған бағытты іске қосты. Туристер үшін Boeing-757/737 чартерлік ұшақтары қатынайды.

Сонымен Камбоджаға екі рейс бойынша баруға болады:

  • Астана – Сиануквиль,
  • Алматы – Сиануквиль.

Көлік министрлігі халықаралық рейстер саны көбейетінін мәлімдеді. «Vietjet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы Фукуок – Астана рейсін іске қоспақ. Жаңа кесте бойынша аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері жолаушылар әуежайдан Вьетнамға ұшады. Соған сәйкес А-330 ұшағы тұрақты қатынайтын болады.