Магистратура мен докторантураға түсу үшін құжат қабылдау қашан басталады

Жарияланды (жаңартылды )
28 қазанда магистратура мен докторантураға түсу үшін құжат қабылдау басталады / kursiv.media архивінен

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжаттарды қабылдау басталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құжаттар 28 қазан мен 10 қараша аралығында қабылданады. Тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді.

Құжат тапсырғандар тестілеуден қараша-желтоқсан айларында өтеді. Өтініш беру кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Түсушілер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (10 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру қаласын өзгерту бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде 13 қарашада қолжетімді болады.

Ал ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Шекті балл – 75 балл. Ал бейінді магистратураға түсуге ниетті түсушілер білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде әрбір бейінді пән бойынша кемінде 7 балды құрайды.

Докторантураға түсушілер ДТЕ-ге қатысу үшін өтініш бергенге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыруы қажет. Докторантураға түсу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. 

Сондай-ақ оқыңыз