Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжаттарды қабылдау басталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құжаттар 28 қазан мен 10 қараша аралығында қабылданады. Тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді.
Құжат тапсырғандар тестілеуден қараша-желтоқсан айларында өтеді. Өтініш беру кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Түсушілер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (10 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру қаласын өзгерту бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде 13 қарашада қолжетімді болады.
Ал ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Шекті балл – 75 балл. Ал бейінді магистратураға түсуге ниетті түсушілер білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде әрбір бейінді пән бойынша кемінде 7 балды құрайды.
Докторантураға түсушілер ДТЕ-ге қатысу үшін өтініш бергенге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыруы қажет. Докторантураға түсу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.
Магистратура мен докторантураға түсу үшін құжат қабылдау қашан басталады
Сондай-ақ оқыңыз
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Кейінгі 5 жылда Қазақстандағы орташа атаулы жалақы қалай өсті?
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Енді телефоннан ақша аударғандардың бәрі салық төлей ме?
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Айналымы 60 млрд теңге. Ақша жылыстатумен айналысқан 36 криптоайырбастау пункті жойылды
- Оқу уақыты ~ 3 мин. 2025 жылдан мобильді аударымдарды тексеру арқылы заңсыз кәсіпкерлер анықталады
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Пара алғаны үшін істі болған экс-вице-министр Мұсайбеков енді Хоккей федерациясын басқармақ
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Ресей жолдарын жауып тастады: шекарада жүк көліктері өте алмай, қаңтарылып тұр
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Қызылордаға барған Думан Мұхамедкәрімнің әкесі ұлымен кездесе алмады
- Оқу уақыты ~ 5 мин. 2024 жылы Қазақстанда жарнама нарығы 16%-ға өсті
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Ақмола облысында қандастарға 20 млн теңгенің заңсыз бөлінгені және ұрланғаны анықталды
- Оқу уақыты ~ 4 мин. Арнайы комиссия 10 банк пен 2 микроқаржы ұйымын неге тексеріп жатыр?
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Теңге бағасын ұстап тұру үшін Ұлттық Банк Тоқаевтың сөзіне қарсы әрекет ете ме?
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды