Жаңалықтар

Жетісу облысындағы Лепсі ауылы маңында жер сілкінісі болды

Фото: kursiv.media архивінен

Жетісу облысында жер сілкінісі болды. Сейсмологтар Астана уақыты бойынша сағат 11.24-те Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде болған жер сілкінісін тіркеген.

«ҚР ҰЯО деректер орталығының жедел мәліметтері бойынша, 2024 жылғы 26 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:2-де Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Эпицентр координаттары: 46,27 градус солтүстік ендік, солтүстік 78,77 градус шығыс бойлық», – делінген орталық хабарламасында.

Жыл басында Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болып, сегіз адам зардап шегіп, 70 шақты ғимаратқа нұсқан келген.

Сондай-ақ мамандар қазіргі уақытта жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін еместігін алға тартып отырғанын жазғанбыз.