Тұрақты дивиденд алу үшін қандай компанияларды таңдаған дұрыс?
Дивидендтік кірісі мол акциялар – бұл компаниялар өз акционерлеріне тұрақты және жоғары дивидендтер төлейтін акциялар. Мұндай компаниялар, әдетте, тұрақты табыс пен ұзақ мерзімді өсуге қол жеткізіп, нарықта орныққан. Дивидендтік кіріс – бұл компания төлейтін жылдық дивидендтердің акция бағасына қатынасы, яғни инвесторлар үшін қаншалықты тиімді кіріс көзі болатынын көрсетеді.
Дивидендтік кірістілігі мол акцияларды таңдау кезінде тек дивидендтің мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар компанияның қаржылық тұрақтылығына, дивидендтердің ұзақ мерзімді өсіміне және нарықтағы орнына да назар аудару керек.
Дивиденд кірістілігі жоғары акцияларды табу үшін Morningstar индексін қолдануға болады
Ең жақсы дивидендтік акцияларды табу үшін біз Morningstar дивиденд кірістілігінің фокус индексіне жүгінеміз. Бұл тізімдегі дивидендтік акциялар индекстің негізгі құрамдас бөлігі және олар 2024 жылдың 4 қазанындағы жағдай бойынша кем дегенде 5%-ға төмен бағаланған.
Сенімді әрі тұрақты дивиденд төлеуші компаниялар
ExxonMobil (XOM) және Chevron (CVX) секілді ірі мұнай компаниялары тұрақты және жоғары дивидендтер төлейді. Энергетика саласы, әсіресе, мұнай мен газ, дивидендтер тұрғысынан әрқашан сенімділікке ие. АҚШ-тың AT&T телекоммуникация саласындағы алып. Компания өз акционерлеріне тұрақты түрде жоғары дивидендтер төлеп келеді.
Merck & Co., Inc. (MRK) – денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ірі компаниялардың бірі, әрі тұрақты дивиденд төлейтін акциялар қатарында. Merck компаниясы өз акционерлеріне тұрақты түрде дивиденд төлеумен танымал және дивидендтер жыл сайын өсіп отырады. Жылдық дивидендтік кірістілігі (Dividend Yield): шамамен 2.5% – 3% аралығында.
PepsiCo, Inc. (PEP) — тұтыну өнімдері мен сусындар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі, сондай-ақ тұрақты дивидендтер төлейтін танымал компания. PepsiCo дивиденд төлемдері мен олардың тұрақты өсуі инвесторлар үшін тартымды аспект. Жылдық дивидендтік кірістілігі (Dividend Yield): шамамен 2.5% – 3,5% аралығында.
Altria Group, Inc. (MO) — темекі өнімдері мен шылым өндірумен айналысатын АҚШ-тағы ең ірі компаниялардың бірі. Altria акционерлеріне жоғары дивидендтік кірістілік ұсынатындықтан, бұл компания ұзақ мерзімді пассивті табыс іздейтін инвесторлар үшін тартымды болуы мүмкін. Сонымен қатар Altria дивидендтерін жыл сайын көтеруге тырысады, бұл да оны тұрақты дивиденд төлеуші компаниялардың бірі етеді. Жылдық дивидендтік кірістілігі (Dividend Yield): шамамен 8% – 9%.
Medtronic plc (MDT) – Medtronic 45 жылдан астам уақыт бойы дивидендтерін тұрақты түрде арттырып келеді. Бұл оның қаржылық тұрақтылығы мен акционерлерге деген адалдығын көрсетеді. Дивидендтік өсім мен компанияның қаржылық көрсеткіштері ұзақ мерзімді табыс пен өсім іздейтін инвесторлар үшін тартымды. Жылдық дивидендтік кірістілігі (Dividend Yield): шамамен 3%.
Dow Inc. (DOW) — химиялық өнімдер өндіретін әлемдегі ірі компаниялардың бірі, әрі жоғары дивидендтер төлейтін компания ретінде танымал. Компания акционерлеріне тұрақты түрде дивиденд төлеуді ұстанады және бұл дивидендтер ұзақ мерзімді инвесторлар үшін маңызды табыс көзі саналады. Жылдық дивидендтік кірістілігі (Dividend Yield): шамамен 5.5% – 6%.
LyondellBasell Industries N.V. (LYB) — әлемдегі ең ірі пластик, химиялық заттар және қайта өңдеу өнімдерін өндіруші компаниялардың бірі. Бұл компания акционерлеріне жоғары дивидендтік кіріс ұсынатын және тұрақты түрде дивиденд төлейтін компаниялар қатарында. Жылдық дивидендтік кірістілігі (Dividend Yield): шамамен 5% – 6%.
T. Rowe Price Group, Inc. (TROW) – T. Rowe Price компаниясы қаржылық тұрақтылығының арқасында дивидендтерін тұрақты түрде арттырып келеді және бұл оның акционерлерге деген адалдығын көрсетеді. Дивидендтік кіріс ұзақ мерзімді табыс пен өсуге бағытталған инвесторлар үшін маңызды артықшылық болып отыр. Жылдық дивидендтік кірістілігі (Dividend Yield): шамамен 4% – 5%
Форвардтық дивиденд дегеніміз не?
Форвардтық дивиденд кірісі (forward dividend yield) — компанияның алдағы 12 ай ішінде төлейтін дивидендтерінің болжамды кірістілігін көрсететін көрсеткіш. Бұл есептеуде акционерлерге төленетін дивидендтердің жылдық жалпы сомасы акцияның ағымдағы бағасына бөлінеді. Форвардтық дивиденд кірісі инвесторларға акцияның болашақтағы дивидендтік табысын бағалауға көмектеседі.
Бұл дивиденд, әсіресе, тұрақты, ұзақ мерзімді пассивті табыс табуға бейімделген инвесторлар үшін қызық. Форвардтық дивиденд кірісі нарықтағы экономикалық жағдайлар мен компанияның қаржылық тұрақтылығына байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан инвесторлар әрқашан соңғы ақпараттарды және компанияның қаржылық жағдайын қадағалап отыруы маңызды.
Дивидендтік кірісі жоғары акцияларды таңдау – бұл ұзақ мерзімді инвестициялық стратегиялардың бірі. Тиімді дивидендтік акцияларды таңдау үшін бірнеше негізгі критерийлер мен тәсілдер бар. Таңдауға келгенде назар аударуыңыз керек негізгі аспектілер: кірістілік, төлем тұрақтылығы, компанияның қаржылық тұрақтылығы мен экономикалық жағдайы маңызды.