Жаңалықтар

Парламенттік сайлау қорытындысының алдын ала есебі бойынша «Грузия арманы» партиясы 95,5% дауыспен алға шықты

Грузияға саяхаттап
Фото: kursiv.media

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады. Оппозиция нәтижені мойындамайды және наразылық білдіруге уәде берді.

Соңғы мәліметтер бойынша дауыстардың 95,5%-ын санағаннан кейін, биліктегі «Грузин арманы» партиясы 54,22% дауыс жинағаны анықталды.

Одан кейін «Өзгеріс үшін коалиция» – 10,82%, «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» – 10,07%, «Күшті Грузия» – 8,7%, «Грузия үшін» – 7,71% оппозициялық партиялар келеді. Бұл партиялардың барлығы 5% кедергіні еңсергендіктен, депутаттық мандатқа ие болды.

Алдын ала жарияланған ресми нәтиже бойынша бұрынғы премьер-министр және биліктегі «Грузин арманы» партиясының негізін қалаушы Бидзина Иванишвили 26 қазанда өткен парламенттік сайлауда жеңіске жетті.

Оппозициялық партиялар қазанның 27-сі күні таңғы брифингте сайлау нәтижесін мойындамайтындарын мәлімдеген болатын.

«Бұл конституциялық төңкеріс», – деді оппозициялық «Өзгеріс үшін коалиция» партиясының жетекшісі Ника Гварамия.

Reuters агенттігі алдын ала нәтижелер расталса, «Грузин арманының» жеңісі Батыс пен Ресейдің таңдауы ретінде қарастырылған дауыс беруде, Еуропамен тығыз интеграцияға үміттенетін грузиндер үшін ауыр соққы болады деп жазды.