Израильдің Тель-Авивь қаласының маңында жүк көлігі автобус аялдамасына түйісті. Оқыс оқиға салдарынан 35 адам ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде алты адам өте ауыр халде жатыр. Кейін бір адамның көз жұмғаны белгілі болды.
Полиция мұны қолдан ұйымдастырылған қастандық деп санайды. Қазіргі уақытта тергеу жұмысы басталған.
Аялдама әскери базаға жақын орналасқан. Автобустан түскендердің көбі қарт адамдар болған. Оқиға Тель-Авивке жақын Рамат-Хашарон қаласында халық шоғырланған Ахарон Ярив бульварында болды.
Жүк көлігінің жүргізушісін белгісіз біреу атып кеткен. Зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшін оқиға болған жерді полиция қызметкерлері қоршап тұрды.
Айта кетейік, сенбіге қараған түні Израильдің әуе күштері зымырандармен атқылап, әуе қорғанысы нысандарына шабуыл жасады.