Израильдің Иранға жасаған соққысынан кейін алтын бағасы айтарлықтай төмендеді

Жарияланды
Фото: shutterstock

Өткен демалыс күндері Израильдің Иранға жасаған шабуылы күтілгеннен аз болып, алтынның бағасы төмендеді. Израиль армиясының шектеулі әрекеттері қымбат металл түріндегі қауіпсіз активтерге деген сұранысты азайтты.

Trading Economics сайтының хабарлауынша, алтын дүйсенбіде трой унциясына 2730 доллардан төмендеді. Трейдерлер өткен сенбіде болған оқиғаларға осылай жауап берді: Израиль әскери ұшақтары Иранның әскери нысандарына соққы бергенімен, мұнай және ядролық нысандарға шабуыл жасамады. Ал Тегеран бірден жауап қайтаруға уәде берген жоқ.

Иранның мұнай өңдеу зауыттарына қауіптің жоқтығы да мұнай бағасына әсер етті. Bloomberg агенттігі дүйсенбі, 28 қазан күні таңертең мұнайдың бағасы 5%-дан аса төмендегенін хабарлады. Brent маркалы мұнай барреліне 73 доллардан төмен сатылса, West Texas Intermediate шамамен 68 долларға бағаланды. Citigroup Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты Brent бағасына болжамды төмендетті.

Қазан айының ортасында алтын трой унциясына 2700 доллардан асқан болатын. 2024 жылдың басынан бері аталған металдың фьючерстері он жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет 30-дан астам бағалық рекорд орнатты. Соңғы айларда Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс салдарынан бағаның өсуі күшейді. Ал трейдерлер АҚШ-тағы алдағы президенттік сайлау тәуекелдерін бағалап отыр. Биржалық инвестициялық қорлар да қымбат металға ұзақ позицияларын арттыра отырып, алтын бағасының өсуіне ықпал етті, деп хабарлады Bloomberg.

Altavest басқарушы серіктесі Майкл Армбрюстердің айтуынша, алтынның жақын арада баға шегіне жетуі екіталай. Баға өсуінің негізгі факторы – АҚШ бюджеттік шығындарының бақылаусыз болуы. Бұл өз кезегінде долларды әлсіретеді, дейді ол.

Zaner Metals компаниясының аға стратегі Питер Грант доллардың күшеюіне қарамастан, алтынның тұрақтылығына таңданып отыр. Оның айтуынша, «алтын бағасының көтерілуі тұрақты әрі жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін».

Осы аптада нарықтар АҚШ бойынша бірқатар маңызды статистикалық мәліметтің, соның ішінде тұтыну инфляциясы (PCE) және әлемдегі ең ірі экономиканың үшінші тоқсандағы ЖІӨ-нің алдын ала бағалауының жариялануын күтіп отыр. Бұл мәліметтер Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлеме бойынша алдағы шешімдеріне негіз болады. Төмен пайыздық мөлшерлемелер пайыздық кіріс әкелмейтін қымбат металдардың тартымдылығын арттырады. Қазіргі уақытта Уолл-стрит Федералдық резервтің жыл соңына дейін қараша және желтоқсан айларындағы отырыстарда мөлшерлемелерді екі рет 0,25 пайыздық тармаққа төмендетеді деп болжайды. Алайда HSBC кез келген күтпеген деректер нарықтағы көңіл-күйді өзгертуі м

Сондай-ақ оқыңыз