Жаңалықтар

Қазақстанның батыс аймағында автогаз тапшы: Энергетика министрлігі өңірлерге қосымша газ жөнелтілгенін хабарлады

Фото: kursiv.media архиві

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысына қосымша 1200 тоннадай сұйытылған газ жеткізілген. Бұған дейін министрлік батыс аймақтар сұйытылған газ тапшылығын сезіп отырғанын растаған.

Ресми дерек бойынша, Ақтөбе облысына Шымкент МӨЗ-інің қорынан 900 тонна қосымша сұйытылған газ жіберілген. Ал Батыс Қазақстан облысына Теңізшевройлдан 180 тонна газ жеткізілді. Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы ҚазГӨЗ-дің тәуліктік жүктемесі 100-150 тоннаға артқан.

Министрлік мәліметінше қазан айында Батыс Қазақстан облысына «Жайықмұнай» ЖШС-ның қорынан 3510 тонна сұйылтылған мұнай-газ (СМГ) бөлінген. Қазір 2689 тонна автогаз жеткізілген. Яғни шикізаттың 70%-ы өндірілген. Алайда Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмысына байланысты «Жайықмұнай» көрші облысқа газ жеткізуге мәжбүр болған.

Осылайша Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығын автогазбен толық қамтамасыз ете алмай отырғанын растады. Өйткені елде сұйытылған газға деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Мәселене ресми мәлімет бойынша 2023 жылы жылы сұйылтылған газға дейін сұраныс 14% өсіп, 2,2 млн тоннаға жеткен. Ал газбен жүретін көлік қатары кейінгі үш жылда 1,5 есе көбейді.  

2021 жылы газбен жүретін 313 мың көлік есепке алынса, қазір 582 мыңға жеткен.Мұның сыртында тіркелмеген көліктер барын естен шығармау керек.

Одан бөлек, министрлік сұйытылған мұнай газының ішкі нарықта сатылатын шекті құны өз бағасынан әлдеқайда арзан екенін айтады.

Қазан айының басында Энергетика министр Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда мұнай өнідерін жекізуде түйкілдер болғанымен, ішкі нарықта тапшылық жоқ деп мәлімдеген.