Kcell компаниясы 15 млрд теңгеге купондық облигация шығарып, өз міндеттемелерін қайта құрылымдамақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Kcell
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Kcell компаниясы Астана халықаралық биржасында (AIX) 15 млрд теңгеге үш жылдық купондық облигацияларын шығарды. Ұялы байланыс операторы тартылған қаражатты несие портфелінің сапасын жақсарту үшін өз міндеттемелерін қайта қаржыландыруға жұсамақ.

Қазақстон қор биржасы сайтында орналастырылған хабарламада бағалы қағаздар 100 млрд теңгелік облигациялық бағдарлама аясында төртінші рет орналастырылғаны жазылған.

Бұл жолы AIX-ке әрқайсысының номиналды құны 100 млн теңгені құрайтын 150 купондық облигация орналастырылған. Купондық мөлшерлемесі – 14,75%.

Kcell 2024 жылдың 4 қыркүйегінде, «стратегиялық міндеттерді шешу және қаржылық тұрақтылықты нығайту мақсатында несие портфелінің құрылымын жақсарту үшін» 30 млрд теңгеге купондық облигациялар шығарған болатын. Оған қоса, маусым айында компания «стратегиялық міндеттерді қаржыландыру және негізгі қызметті дамыту» мақсатында 25 млрд теңгеге, ал сәуірде қарыз міндеттемелерін қайта қаржыландыру үшін 15 млрд теңгеге облигациялар орналастырды.

Қазан айының басында Kcell Халық банктен алған 90,5 млрд теңге негізгі қарыз бен сыйақысын толығымен өтеді. Бұл несие бастапқыда 50 миллиард теңге болғанымен, 2023 жылдың қыркүйегінде қосымша 40,5 млрд теңге алынған.

2024 жылдың қаңтар-маусым айларында Kcell-дің кірісі 3,3 есеге, яғни 5,5 миллиард теңгеге дейін азайды. Активтер жыл басынан 2,5%-ға өсіп, 401 миллиард теңгеге, міндеттемелер – 1,9%-ға, 224 миллиард теңгеге, ал капитал – 3,2%-ға, 177 миллиард теңгеге дейін жеткен.

Kcell-дің негізі үлесі (51%) «Қазақтелекомға», 14,87%-ы – кәсіпкер Ғалымжан Есеновке, 9,08%-ы – First Heartland Jusan Bank-ке, 7,06%-ы – БЖЗҚ-ға, және 2,62%-ы кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі. Сонымен қатар еншілес компаниялары арқылы Kcell акцияларының 6,91%-ын иеленеді. Компания нарықта Kcell және Activ брендтерімен жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз