2024 жылдың 26 қазанында Израильдің Иран әскери нысандарына жасаған шабуылы әлемдік нарықта дүрбелең туғызды. Десе де Израиль Иранның дәл мұнай нысандарына соққы жасамауы трейдерлердің қауіпін сейілткен. Ертесі күні Brent маркалы мұнай бағасы 4,5%-ға төмендеді.
Израиль армиясының шабуылы аймақтағы геосаяси тұрақсыздықты арттырып жіберді. Дегенмен, Иранның мұнай өндірісі мен экспортына тікелей зиян келтірмеген.
Бұл шабуылдарға мұнай нарығы жылдам реакция көрсетті. Нарық қатысушылары геосаяси жағдайдың тұрақсыздығын ескеріп, Brent мұнай бағасының төмендейді деп күткен болатын. Салдарынан 27 қазанда Brent маркалы мұнай бағасы 4,5%-ға төмендеп, баррелі 80,50 доллардан 76,80 долларға дейін жетті. Ал 28 қазанда 6 пайыз арзандап, 71,37 доллардан саудаланып жатыр.
Нарықтағы мұнай ұсыныс деңгейі айтарлықтай жоғары болғандықтан, бағаның төмендеуін нарық қалыпты қабылдаған. Иран мен Израиль арасындағы текетірестің мұнай нарығына тікелей әсер етпеуі, Иранның мұнай өндірісінің сақталуы және АҚШ-тағы мұнай өндірудің артуы бағаның одан әрі құлдырауына себеп болды.
Израильдің Иранға жасаған соққысы мұнай бағасының 4,5%-ға төмендеуіне себеп болғанымен, бұл жағдайдың ұзақ мерзімді әсері әлі белгісіз. Нарықтағы геосаяси тұрақсыздық, ұсыныс пен сұраныс теңгерімі болашақта мұнай бағасының динамикасын айқындайтын басты факторлар болып қалады.
Геосаяси жағдайдың тұрақтануы немесе ушығуы мұнай бағасына әсер етуі мүмкін. ОПЕК+ елдерінің өндірісті басқару саясаты да нарықтағы жағдайға ықпал етеді.
Соңғы уақыттта мұнай бағасы қатты құбылып түр. Алдыңғы аптада бірден 7 пайыз арзандаған мұнай бағасы өткен аптада бірқалыпқа келе бастағандай болатын. Таяу Шығыстағы текетірес қайтадан құлдыратып жіберді.