Қазақстанда жеке тұлғалардың банкрот деп тануға берген өтінішінің 75%-ы кері қайтарылған. Qoldau.kz платформасының мәліметі бойынша, жеке тұлғалардан банкроттыққа 124,5 мың өтініші түскен. Бұл өтініштердегі төленбеген борыш сомасы 266 млрд теңгені құраған.
Алайда банкрот болғысы келетіндердің тек 25%-ның өтініші қабылданып, банкрот деп танылған. Қалған 75%-ның өтініші кері қайтарылған. Негізгі себебі – өтініш берушілердің басында дүние-мүлкі бар немесе қарыз мерзімі мен сомасы банкроттық талаптарына сай келмеген.
Банкрот деп тану туралы 17,5 мың өтініш мақұлданып, жалпы сомасы 42,1 млрд теңге құраған. Сонымен қатар 4,8 млрд теңгенің 3,7 мың өтініші қаралып жатыр. Осылайша, банкрот деп танылғандардың үлесі тек 14%-ды құраған.
Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң 2023 жылдың 3 наурызында күшіне енген болатын. Бұл заң азаматтарға төлей алмайтын борышын заңды түрде қайта құрылымдауға немесе банкрот болуға береді.
Мемлекеттік кірістер комитеті жазда 13 мыңнан аса азамат банкрот деп танылғанын хабарлаған. Банкрот деп танылған тұлға үш жыл бойы осы комитеттің бақылауында болады.
Биыл шілдеде «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды, бұл сайттан қазақстандықтар банкрот талаптарына қаншалықты сай келетінін тексере алады. Сонымен қатар банкроттық өтініш берсе, өтініші қаралып жатыр ма немесе кері қайтылды ма деген сауалға жауап табады.