Британдық актер Саша Барон Коэн «Джимми Фэллонның түнгі шоуында» АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп пен Камала Харриске өзінің кинодағы образдары Борат пен Али Джидің кейпінде пікір айтты. Ол Трампқа қазақстандық KFC-де мысық еті берілетінін айтып, Харриске Қазақстанға келмеуге кеңес береді.
Қазақстандық журналист Борат бейнесінде Трампқа сөйлеген сөзінде Саша Барон Коэн сайлау науқаны кезінде Трамп айтқан сөздерді күлкіге айналдырды. Трамп өз сөзінде «жергілікті иттер мен мысықтарды жейтін мигранттардың елге келуіне демократтар кінәлі» деп айтқан. Борат Қазақстанның KFC желісінде әдеттегідей тауық емес, мысық еті берілетінін айтты.
«Трамп мырза, Огайода адамдар мысықтар мен иттерді жейді деп айттыңыз. Олар қай мейрамханада қызмет етеді? Маған тапсырыс бере аласыз ба? Менің елімде KFC – Kazakh Fried Cat бар», – деді Коэн Борат образында.
Актер Борат ретінде Камала Харриске Қазақстанға келмеуге кеңес берді. Өйткені ол төрт «өлімге әкелетін күнәнің» үшеуін жасаған.
«Қара нәсілдісіз, әйелсіз және жебірейге тұрмысқа шықтыңыз. Қазақстанға келмеуге кеңес беремін. Өлім жазасына кесілген төрт қылмыстың үшеуін жасадыңыз. Өтінемін, кәмелетке толмаған аюмен жыныстық қатынасқа түстім деп айтпаңыз», – деді ол.
Сөз соңында Трампқа Қазақстанға ядролық құпиялар бергені үшін алғыс айтты.
Естеріңізге сала кетейік, «Борат» фильмі Қазақстанда екі түрлі реакция тудырды. Көрермендердің бір бөлігі комедия қазақ мәдениеті мен қазақстандықтардың намысын таптайды деп есептеген.