Instagram-да фотосуреттерді жасанды интеллект көмегімен толықтыруға болады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Instagram жасанды интеллект
Instagram-да фотоны ЖИ көмегімен толықтыруға болады / Image: Sam Sheffer / X

Енді Instagram әлеуметтік желісінде фотосуреттерді жасанды интеллект көмегімен толықтырып отыруға болады. Expand Your Image (Суретті өңдеңіз – авт.) аталатын қызметті жақын арада қолдануға болады.

Instagram жүктелген фотосуреттегі бос орындарды толтыру үшін ЖИ пайдаланады. Суретті толықтыру үшін «қосымша» батырмасын басу қажет. Әзірге бұл мүмкіндік тест түрінде тексеріліп жатыр.

Осыған дейін көлденең түсірілген суретті Instagram stories-не жүктеу кезінде немесе тігінен түскен суретті жазба ретінде салғанда бос орындар қалып қоятын. Енді интеллект суреттің мағынасына қарай бос орынды толтырып береді.

Айта кетейік, Meta компаниясының ішкі ережесіне сәйкес ЖИ көмегімен жасалған немесе өңделген фотосуреттер мен бейнежазбаларда арнайы белгі болуы қажет. Яғни imagined with AI («ЖИ арқылы жасалған») белгісі болады.

Тіпті фотосуретті Meta-дан өзге компанияның интеллекті көмегімен жасаған күннің өзінде, Meta интеллекті оны танып, белгіні қою қажет. Дегенмен жасанды интеллект белгісін қою әр адамның өз еркі. Сондықтан қосымша батырмасында ЖИ көмегімен жасалған деген белгі тұрады, оны қосуға немесе өшіріп қоюға болады.

Сондай-ақ оқыңыз