Жаңалықтар

Қазақстанда казино белгілері бар интернет платформалардың саны артқан

Казино белгілері бар интернет платформалардың саны артқан / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Туризм және спорт министрлігі казино мен лотерея ойнатуға рұқсаты жоқ платформалардың тізімін жаңартып, тағы бірнеше интернет-ресурсты қосты.

«Тізімге ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағында тыйым салынған интернет-казино белгілері бар 1820 бірегей желілік мекенжай енді. Бұл тізім Комитеттің жүйелі ақпарат жинап, интернет-казино мен заңсыз букмекерлік қызметтердің жұмысын анықтағаны нәтижесінде жасалды», – делінген министрлік хабарламасында.

Тізімге енген платформалар арасында Sultan Games, Vavada, Play Fortuna, Riobet, Pin Up, Casino-X сынды ресурстар бар.

Бұған қоса, тізімге әрдайым Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы ойын ойнататын топтар да қосылып отырылады. Кез келген азамат сайттар мен әлеуметтік желідегі күдікті парақшалар туралы министрлікке хабарлай алады.

Келген ақпарат арнайы тексеруден кейін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне еніп, шектеу заң тұрғысынан бағаланады.